Бесқарағай ауданында «Конституцияны – бірге үйренейік» атты квест ойыны өтті .

Бесқарағай ауданында «Конституцияны – бірге үйренейік» атты квест ойыны өтті .
22:57, 23 Фев.

Бесқарағай аудандық жастрының ұйымдастыруымен «Конституцияны – бірге үйренейік» атты зияткерлік квест ойыны өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың Конституцияға деген қызығушылығын арттыру, құқықтық сауаттылығын дамыту және конституциялық реформалардың мазмұнын интерактивті форматта түсіндіру болды.

Квестке аудан жастары белсенді қатысып, бірнеше командаға бөлініп, арнайы дайындалған кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты сұрақтарға жауап беріп, құқықтық жағдаяттарды талдап, логикалық және шығармашылық тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынады. Іс-шара барысында конституциялық өзгерістердің елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызы кеңінен түсіндірілді.

Квест форматы теориялық білімді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыруға және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Ойын қатысушысы Тілек Құрметұлы өз пікірін білдірді: – Бұл квест бізге Конституция баптарын жай ғана жаттап қана қоймай, олардың өмірдегі нақты маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Тапсырмалар мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылған. Осындай форматтағы іс-шаралар жастардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, ел тағдырына деген жауапкершілігін күшейтеді деп есептеймін.

Баршаңызды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын, – деді ол. Айта кетейік, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

15 наурыз күні жаңа заңның қабылдануы бойынша республикалық референдум өтеді. Іс-шара соңында белсенділік танытқан командалар марапатталып, қатысушыларға естелік сертификаттар табысталды.

Аталған квест ойыны жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін терең түсінуге және ел дамуына жауапкершілікпен қарайтын белсенді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Рубрика: О военном. Читать весь текст на semeytany.kz.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШАЛҚАР БАЙБЕКОВ ПЕН КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында колледж директорларымен кездесу өтті...

«Толық рестарт: «Ақтөбе» жаңа инвестормен жаңа маусымға қалай кіріп жатыр?» 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтарын жекеменшік басқаруға көшіру туралы бастама көтергеннен кейін, инвестор тапқан алғашқы клубтардың бірі ...